Текеліде балабақша ашылды - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының Текелі қаласында «Балапан» бағдарламасы іске асып жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, «Алатау» шағынауданында жаңа балабақшаның ашылуы болып өтті.

 Әкімшілік және қосымша бөлмелер жылы әрі жарық, ал қызметкерлердің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті мөлшерде жаңа жиһаз, ойыншықтар, құралдар мен жабдықтар сатып алынды.

 Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын топтарда бүгінде би, ән айту, сурет салу, мүсіндеу, жазуға және оқуға 120-дан астам тәрбиеленуші үйреніп жүр. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесімен қырықтан астам адамнан құрылған білімді ұжым айналысуда. Олардың арасында жоғары білімі бар тәрбиешілер, кәсіби музыкалық қызметкер, педагог-психолог, бүлдіршіндерді  бар жанымен жақсы көретін күтушілер бар.