Бұған дейін ол қаржы директоры болып жұмыс жасап келген болатын. Бұл компанияда 2010 жылдан беір жұмыс жасайтын оның Еуразия нарығындағы телекоммуникация саласында мол тәжірибесі бар. Ал байланыс операторының 2010 жылдың наурыз айынан бері басқарма төрағасы қызметін атқарып келген Андрей Смелков енді Теле2 компаниялар тобының Швециядағы штаб-пәтерінде жұмыс жасамақ. Оның ондағы бас кеңесшісі деп аталмақ. Орталық Еуропа мен Еуразия макроаймағы директоры Никлас Сонкинннің айтуынша, А.Смелков Қазақстанда Теле2 компаниясының дамуына зор үлес қосты. Жаңа компанияны республиканың телекоммуникация нарығында пікірімен өзгелер санасатын дәрежеге дейін жеткізді.
Компания менеджментіндегі бұл өзгеріс қызметкерлердің Теле2 компаниялар тобы ішіндегі ұзақмерзімді даму жоспарының бір бөлшегі.
16:43, 17 Қаңтар 2013
«Теле2 Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы өзгерді
АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Пиетари Кивикко «Теле2 Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы болып сайланды.