Tele2 Қазақстан рыногына шықты

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Шведтік оператор Tele2 NEO брендін пайдаланатын «Мобайл Телеком-Сервис» қазақстандық ұялы байланыс компаниясының бақылау пакетін сатып алатын болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters сайтына сілтеме жасап.

Мәміле сомасы 550 миллион швед кронын (77 миллион доллар) құрады. Сонымен қатар, шведтер қазақстандық компанияға тағы 360 миллион крон салады.

«Мобайл Телеком-Сервис» компаниясындағы үлесін Tele2 Қазақстандағы аса ірі тұрақты байланыс операторына - «Қазақтелеком» АҚ-ға сатты. Бұл компания негізгі бизнесті нығайтуға бағытталған активтерді қайта құрылымдауды жүргізеді.

Tele2 ұялы операторы Еуропаның және ТМД-ның 22 елінде абоненттерге қызметтерін ұсынып отыр.