Телефон алаяғы 600 мың теңгеге жуық пайда тапты - Қарағанды облыстық ІІД

ҚАРАҒАНДЫ. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Жезқазғандағы телефон алаяғы 600 мың теңгеге жуық пайда тапты, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Осылайша, 9 тамыз күні таңғы сағат 6-да полиция қызметіне 1951 жылғы зейнеткер әйел келді. Әйел белгісіз ер адамның оған түнгі 2-де хабарласып, баласының жол-көлік оқиғасына ұшырап, полицейлермен ұсталғанын хабарлады. Оны босату үшін әйелден 450 мың теңге сұрады. 

Жәбірленуші бірнеше сағат бұрын хабарласқан ер адамның оған қайта-қайта телефон шалған соң оның ойына баласының ұялы телефонына хабарласу кірмегенін айтты.

Оның айтуынша, қылмыскердің дауысы өктем болды, талаптарын нақты айтты - анықталған уақытта баласын үйге жеткізіп, оның орнына әйел есігінің алдына ақша оралған буманы қалдыруы тиіс. Шошынған зейнеткер оған келісіп, хабарласушыға онда тек 400 мың теңге бар екенін түсіндірді. Бұл ақшаны әйел есігінің алдына қойды.

Есіктің қасында не ақша, не баласы жоқ екенін көргенде анасы ұлына телефон шалды. Бұл түні ұлы жұмысында түнгі ауысымда болып, ешқайда шықпағаны және ешқандай оқиғаларға ұрынбағаны анықталды. Жәбірленуші әйел алданғанын сонда ғана түсініп, полиция қызметіне келді.

Осыған ұқсас қылмыс сол күні сағат 14:45-те жасалды. Кәсіпорында күзетші болып жұмыс істейтін 1947 жылғы зейнеткер 138 мың теңгесінен айырылды. Алаяқ дәл сондай кестемен жұмыс істеді, бірақ ақшаны Некрасов көшесіндегі үйдің бұрышына қалдыруды талап етті. Жол-көлік оқиғасына «себепкер» болған баласы үшін қорыққан жәбірленуші көп ұзамай қажетті соманы алып келді.

Екі оқиғада да қылмыскерді ізін суытпай ұстау мүмкін болмады. Алдын ала мәліметтер бойынша, оны істеген бір алаяқ. Қазіргі уақытта оның аты-жөні анықталып, ұстау шаралары өткізілуде.