Темекі қоспалары есірткі заттарының тізбесіне енгізілді

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Ресейде соңғы кездері кең таралып отырған бірқатар темекі қоспаларының компоненттері есірткі заттарының тізбесіне енгізілді. Елде олардың айналымына тыйым салынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, айналымға тыйым салынған, есірткі және психотропты заттардың жаңартылған тізбесіне балгер шалфейінің жапырағы (Salvia Divinorum тұқымдас өсімідік), А сальвинорині, гавайялық раушанның тұқымы (Argyrea Nervosa түрі), көкшіл лотостың гүлдері мен жапырақтары (Nymphea Caerulei түрі) енді.