Темекі тарту кезінде қатерлі ісікті дамытатын молекулярлық тетік табылды

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Тайвань ғалымдары өкпе қатерлі ісігін туындататын және дамытатын темекі түтінінің молекулярлық тетігін тапты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Чэн Кун Ұлттық университетіндегі Ичин Ванның (Yi-Ching Wang) жетекшілігімен жұмыс істеген ғалымдар бұған дейін белгілі бауыр ферменттері белсенділенгеннен кейін өкпе қатерлі ісігін туындататын және дамытатын темекі құрамындағы NNK (4-(метилнитрозамино)-1-(3-пиридил)-1-бутанон) проканцероген затын зертханалық тышқандарға енгізді. Тышқандарда ісік пайда болғаннан кейін ғалымдар олардың биохимиялық ерекшеліктерін сараптады және шылымқорларда болатын ісікпен салыстырды. NNK проканцерогені тышқандардың да және адамдардың да өкпе жасушаларының қуыстарында DNMT1 (цитозин-5-метилтрансфераза ДНК 1) ферментінің жинақталуын туындататын болып шықты. Осы ферменттердің әсерімен, негізінде қатерлі ісіктің пайда болуын дамыту бар, жасушалардың бақылаусыз бөлінуіне тосқауыл болатын қанда метилдеу жүргізіледі.