Істі сот мәжілісінде қарау барысында Шымкент тұрғыны 21 шілде 2015 жылы шамамен 10.30 сағатта қоғамдық орында, яғни Шымкент қаласы, Ташметов көшесінің бойында темекінің қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдірген.
Сотта С.С. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін, темекінің қалдығын белгіленбеген жерге байқамай қалып тастағанын көрсетіп, алдағы уақытта осындай іс-әрекеттер жасамайтынын айтты.
Қаулы заңды күшіне енген, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен.