Темір-бетон өнімдері үлкен сұранысқа ие болып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Жаңақорған ауданындағы ?Дархан? жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылдан бері темір-бетон құрылыс материалдарын шығарып келеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Серіктестік өнімдері жергілікті жерде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Кәсіпорында жасалған материалдар аудан көлеміндегі ауызсу жүйелері, жол құрылысы және ғимараттар салуда кәдеге жарап жатыр. Өнім барлық талапқа сай. Бағасы да төмен. ?Дарханда? оннан астам адам еңбекпен қамтылған. Бұл жұмысты жүргізуге шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының облыстық өкілдігінен бөлінген 2,5 млн. теңге несие өз әсерін тигізді.