Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияның берген ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 20 маусым күні таңертең орын алған.
«Жатын бөлмедегі төсектің үстінде жатқан сәби үстіне құлап кеткен жастықтан тұншығып қалған. 31 жастағы анасының айтуынша, ол баланың үстіне құлап кеткен жастықты байқамаған», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Бұл факті бойынша полиция тексеру амалдарын жүргізуде.