Полицияның ақпаратынша, қайғылы оқиға бүгін таңертең Теміртаудағы автобус аялдамасында орын алды.
«Жолаушыларды соңғы аялдамада түсіру кезінде «Хюндай» маркалы жолаушылар автобусының 32 жастағы жүргізушісі бұрылу кезінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істейтін 34 жастағы әйелді қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.