9 сәуір күні кешкі сағат 18.58 шамасында полицияға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде үйдің дәлізінде түтін және кенеттен дауыс шыққаны туралы хабар түсті.
Оқиға орынына патрульдік полиция жасағы жіберілді.
Белгілі болғандай, сол үйде тұратын азамат ішімдік ішкен соң пәтерінің есігін жауып алып, үйдегі газ баллонын жарамын деп қорқытқан.
Полиция қызметкерлері және Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялап, оқиға орнын қоршауға алды.
Сағат 20.20 шамасында полиция қызметкерлері 35 жастағы азаматты ұстады.
Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән жайы анықталып жатыр.