Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Оқиға 2011 жылдың 1 ақпанында Теміртау қаласында Республика даңғылы мен Панфилов көшелерінің қиылысында орын алды. «Жұмыссыз, тұрғылықты мекен-жайы жоқ мүгедек азамат өзінің арбасымен көлік жолына шығып кетіп, «ВАЗ-21099» автокөлігінің астына түсті. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында қаза тапты», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратында.
Аталмыш оқиғаны полицейлер «суицид» деп бағалап отыр. «Оқиғаның куәгерлері бар», - деп атап өтті баспасөз қызметі.