Теміртаулық спортшы А.Загревский әлем чемпионатында қола медальді жеңіп алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласының спортшысы Александр Загревский Финляндияның Сало қаласындағы классикалық пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионатында қола медальді жеңіп алды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

«5-14 маусым аралығында Сало қаласында (Финляндия) классикалық пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының құрамында теміртаулық атлет Александр Загревский (120 келі) қатысып, қола медальді жеңіп алды», - делінген хабарламада.

120 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар: 1 орын (702.5 келі) - Maldonado Isaac, Австралия; 2 орын (673.0 келі) - Spiecha Ryan, АҚШ; 3 орын (622.5 келі) - Загревский Александр, Қазақстан.