Жаңа қызмет түрі ұзақ қашықтыққа қатынайтын пойыздарға билет сатып алатын жолаушыларға ұсынылады. 25 мың рубльге дейін берілетін несиенің пайыздық үстемесі болмайды. Несие арқылы билетті Ресейдің мамандандырылған 76 кассасынан сатып алуға болады екен.
Несиені беру-бермеу туралы шешімді банк бар-жоғы 2 минуттың ішінде айта алады. Ал жол құжаттарын ресімдеу уақыты 20 минутқа ғана созылады.