КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау станциясындағы қалпына келтіру пойызының бұрынғы басшысы, еңбек ардагері Жаңбырбай Бекеновтің есімін есте қалдыру мақсатында ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Алик Манадыров марқұмның өмірі мен қызметі жайында баяндады. Жаңбырбай Бекенов еңбек жолын тепловоз машинисінің көмекшісі болудан бастап, кейін Алматы теміржол транспорты институтын сырттай оқып, тәмамдайды.
Өзінің еңбекқорлығы және талапшылдығымен үлкен сый-құрметке бөленген еңбек ардагерінің өнегелі өмірі жайлы әріптестері мен ұрпақтары да естеліктерімен бөлісті.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.