11:05, 17 Сәуір 2009
Теңіз кемелерінің саны 21,1 пайызға көбейді
АҚТАУ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2009 жылдың 1 тоқсанында тіркелген теңіз кемелерінің саны 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 37 бірлікке, немесе 21,1 пайызға өскен.
Олардың қазіргі саны ? 207, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына сілтеме жасап.Теңіз кемелерінің 85-і мемлекеттік кеме тізімінде, 15 ?і кеме кітабында,
107-сі бербоут-чартер тізімінде тіркелген. Оларға техникалық қадағалауды Кеме қатынасы регистрі мен Қазақстандағы Ресей кеме қатынасы регистрі жасайды. КБИ мемлекеттік кеме тізімінде - 9 өзен -теңіз кемесі, инспекцияда 1383 кіші көлемдегі кемелер есепте тұр. Олардың 607-сі өзі қозғалатын, 776-сы тіркемелер. Есеп беру кезеңінде 67 шағын кеме тіркелді. Олардың 1185 техникалық құралдарына байқау жасалынды. 32 кеме жүргізуші аттестацияланды, 76 кеме билеті, 3 кеме билетінің көшірмесі берілді. Инспекция бойынша су көлігіндегі барлық лицензия саны-13. Олар қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған. Осы аралықта су көліктеріне 6 жоспарлы тексеріс жүргізіліп, соның барысында 49 су көлігі мен нысаны қаралды. Жыл басынан бері «Қазақстанкаспийшельф» АҚ, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК АҚ және «Вагенборг Дениз» компанияларына жоспарлы тексерістер жүргізілді. Тексеру барысында «Қазақтеңізкөлікфлоты» АҚ-ында апаттық жағдайларды тергеу ережесінің бұзылғандығы және де көлік кешенінде болған апаттық жағдайлардың алдын ала хабарлау жөнінде КБИ берген нұсқаманы орындамағандығы анықталды.
Ал «Вагенборг Қазақстан» компаниясының ҚР Көлік және коммуникация министрінің 28.04.2003 жылғы №152-1 бұйрығымен бекітілген «Кеме құжаттарының нысаны және оны жүргізу» ережесін бұзғандығы анықталып, кемшіліктерді жою үшін нұсқама берілді. Сондай-ақ «Джабар Гашимов» әзірбайжан кемесіне ҚР портында тұру кезінде тиеу және түсіру ережелерін бұзғандығы үшін жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, соның барысында табылған қателіктері үшін кеме капитанына ҚР ӘҚБК-нің 453-бабының 1 бөліміне сәйкес 6365 теңге айыппұл салынып, ол өндірілді.