Мемлекет басшысы атап өткендей, Теңіздегі екінші деңгейлі зауыт құрылысын аяқтағаннан кейін компания биылғы жылы мұнай өндірудің рекордты деңгейіне көтерілді. Жыл қорытындысы бойынша ол 24 млн. тоннадан кем болмай отыр.
Бірақ алда компанияның одан әрі кеңеюі мен тұрақты жоғары деңгейге көтерілу мәселелері тұр. Осы компания осыған дейін мәлімдегендей, болашақта Теңіздегі мұнай өндірісі жылына 36 млн. тоннаға жетуі тиіс.
«Бірақ күкіртті жою мәселелері мен газды факелдерде өртеу ауқымын азайту әлі күнге дейін көкейкестілігін жоғалтпай отыр. Оларды шешу мәселелерін тездету қажет», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Мұнай және газ министрлігіне ТШО-мен бірлесе отыра ішкі рынокты газбен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды тапсырды.