«2010 жылғы мамырдың 19-ында сағат 13.30 кезінде F-205 сепараторында деңгейінің көтерілуінен КТЛ-1 және КТЛ-2-дегі GC-201 компрессоры тоқтап қалды. КТЛ-1,2 компрессорлары тоқстаған кезде PIC-2Х 008 клапаны арқылы өртеу алауына қышқыл газ ұшырылып, соның салдарынан қоршаған ортаға зиян тигізілді. «ТШО» ЖШС тарапынан экологиялық талаптардың өрескел бұзылуына байланысты Атырау облыстық табиғат қорғау прокуратурасы Орал-Каспий экология департаментіне осыған сәйкес шара қолдану үшін ұсыныс жасалды», - деп хабарлады Атырау облысының прокуроры Болат Шоқай.
«Теңізшевройлға» қоршаған ортаны ластағаны үшін 186 135 795 теңгеге наразылық ұсынысы жасалды. Сонымен қатар, мұнай өндіруші компанияға ҚР ӘҚК 243 бабы бойынша 17 897 026 теңгеге айыппұл салынды. Қолға алынған шаралар нәтижесінде компания мемлекеттің пайдасына 204 032 821 теңге айыппұл төледі.