«Теңізшевройл» ЖШС-ға жаңа басшы келеді
02:08, 24 Қазан 2015
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы алып Теңіз мұнай-газ кенішін игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС-ны Теодор Этчисон басқаратын болды.
«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тим Миллер қараша айында өз қызметін босатады. Бұл қызметке оны қазіргі кезде компания қызметінің өндірістік блогын басқаратын оның орынбасары Теодор Этчисон ауыстырады.
Тим Миллер Қазақстаннан кетпейді. Ол Алматыда «Шеврон» компаниясында жұмыс істейді, деп хабарлады «Теңізшевройл» ЖШС-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.
«Теңізшевройл» ЖШС қазіргі кезде жылына 25 млн. тонна мұнай өндіреді. Кеніште мұнайды әзірлейтін тағы бір зауыт салу мәселесі шешілуде, соның нәтижесінде өндіретін компанияның қуаты жылына 36 млн. тоннаға дейін артпақ.