Теннисші қыздарымыз Тайландтағы турнирде жарыстарын сәтті бастады

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Осы күндері Тайландта үлкен теннистен «РТТ Pattaya Open» турнирі өтуде.

Онда ел намысын қорғап жатқан жерлесіміз Ярослава Шведева жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, еліміздің бірінші ракеткасы Я. Шведова бірінші кезеңдегі екі партияда жапониялық Ями Моритуды 6:2 және 6:4 есебімен ұтты. Екінші кезеңде біздің спортшы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Шанель Шиперспен ойнайды. Сонымен қатар, бұл турнирде тағы бір спортшымыз Сесиль Каратанчеваның қадамы қуантты. Ол екі партияда турнир қожайыны Сучанун Виратпрасеттен 6:1 және 7:5 есебімен басым түсті.