Екінші айналымдағы матчта Уильямс Италия өкілі Флавия Пеннеттаны 2:6, 6:3, 6:0 есебімен жеңді.
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) сайты хабарлағандай, бұл Уильямстің спорттың жолындағы 725-ші жеңісі болды.
Серена Уильямс бүгінде WTA рейтингінде көш бастап тұр.
WTA Rogers Cup турнирінің сыйлық қоры $2 млн 377,305 мың құрайды.