АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында теннистен әлем чемпионаты Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, бозбалалар арасында 7-13 мамыр аралығында өтетін іріктеу сайысына 16 команда қатысады.
Қазақстандықтар D тобында Тайбэй, Өзбекстан және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнайды. 8 мамыр күні Сергей Квактың шәкірттері Жаңа Зеландиямен сынға түседі.
Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды: Әмір Омарханов (Қарағанды), Заңғар Нұрланұлы (Түркістан), Дамир Жалғасбай (Алматы).
Команда капитаны: Сергей Квак.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдерінің тарихи нәтижеге қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова шәкірттерімен мақтанатынын жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).