Тепловоз отынын сатумен айналысқан машинист ұсталды - Көліктегі ішкі істер департаменті

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Атыраудың көлік полицейлері арнайы операция барысында өзіне сенім тапсырылған тепловоздың отынын сатумен айналысқан тепловоз машинисін ұстады,

деп хабарлайды ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Атырау стансасы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері №3452 жүк пойызының 31 жастағы машинисінің тепловоздан 400 литр дизель отынын құйып алып, 14 мың теңгеге сатқанын анықтады және оны ұстады. Ұрланған отынды сатып алушылар да анықталды, олар осы жолдың кезекшісі мен монтеры болып шықты.

Заттай айғақтар тәркіленді, ұсталғандардан қазір жауап алынуда.