Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Оны тұтқындауға сотқа санкция әзірленуде. Жол оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр»,- деп мәлім етті ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова.
Оның сөзіне қарағанда, жүргізуші ауруханадан шыққаннан кейін ұсталған.
Автобус ішінде Ақсу қорытпа зауытында өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген кәсіби лицейдің студентері болған. Олардың біреуі оқиға орнында қаза тауып, ауыр жарақаттанған үшеуі ауруханада көз жұмды.