Теректі ауданында бос жұмыс орындары ұсынылды

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. 14 қазан. ҚазАқпарат /Ділдә Бекқожина/ - Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге бес мекеме қатысып, 40 бос жұмыс орны ұсынылды. Олардың ішінде Федоров ауылында ветеринариялық лобаратория құрылысын бастап жатқан «Әлім» ЖШС жеті мамандық бойынша 29 жұмыс орнын ұсынып, жәрмеңке нәтижесінде 6 адамды жұмысқа қабылдады. Сол секілді аудандық білім беру бөлімі газоператор мамандығы бойынша сегіз бос жұмыс орнын ұсынып, сол сегіз адамды жұмысқа қабылдады.

Ал Богданов жалпы орта білім беретін мектебі, Федоров қазақ орта мектебі, Долин ауылдық «Назерке» балабақшасы ұсынған тарих пәнінің мұғалімі, психолог және медбике мамандықтары бойынша жұмыс іздеушілер табылмады.