ОРАЛ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Теректі ауданында негізгі қаржыға қосылған инвестиция көлемі өткен жылы 2011 жылғыдан 21,4 пайызға артып, 7 млрд. 829,3 млн. теңгеге жетті.
Аудан әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, осы ретте Магистральный ауылы маңында «» ЖШС-ның көмірсутегі шикізатын өңдеу және сақтау кешені құрылысы 4 млрд. 544 млн. теңге тартылды.
Өткен жыл бойына аудан бюджеті төрт рет нақтыланып, 4 млрд. 331 млн. теңгеге жетті. Оған қоса облыс әкімдігінің қаулысымен 9,722 млн. теңге бөлініп, барлығы 4 млрд. 340,809 млн. теңгені құрады. Бюджеттің кіріс бөлігі 102,2 пайызға орындалды. Соның ішінде аудан бюджетіне болжанған 595,264 млн. теңге түсім көлемі салық салынатын базаны ұлғайту арқылы 778,180 млн. теңгеге дейін жеткізіліп, жоспар 131 пайызға орындалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).