Қылмыстық қудалау органы күдікті Ж. Лисаковск қ. ағымдағы жылы 26 қыркүйекте шамамен сағат 21.00-де іскер әйел Надежда Потаповамен «Вольксваген Т4» маркалы көлік салонында отырғанда екеуі арасында дау туып, ер адам әйелді өлтірді деген кінә тақты.
Тергеу нұсқасы бойынша автомобиль салонында жапа шегуші мен Ж. дауласып қалған. Ұрыс кезінде күдікті Потапованы буындырып өлтірді. Жапа шегуші оқиға орнында қаза тапты.