Тергеушіге сот үкімімен 1,8 млн. астам теңге айыппұл салынды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен Орал қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы тергеушісі Мәлік Оспанов ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігімен айыпты деп танылып, оған1 мың АЕК көлемінде 1,852 млн. тенге айыппұл салынды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тергеуші сондай-ақ полиция капитаны шенінен айырылды.

М.Оспанов өзінің қызмет бабын пайдаланып, айыпталушы Кузнецов пен Крятовтың мүлкіне тыйым салуға қатысты сот үкімін орындауды қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар алмаған. Оның орнына аталған сотталушылардың иелігіндегі жер телімін сыйға беру, автокөлікті тіркеуден алу, сату құқығын беретін құжаттарды рәсімдеуді ұйымдастырған. Сөйтіп мемлекет мүддесіне қайшы келетін заңсыз іс-әрекетке барған.