Кеңеске қатысушылар ведомствоаралық өзара әрекеттестікті және терроризм мен діни экстремизмге қарсы жалпы мемлекеттік жүйені нығайтуға бағытталған шаралар қабылдады. ҚР Терроризмге қарсы орталық отырысына министрлік пен ведомство басшылары, сондай-ақ «он-лайн» режімінде облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысты.
Еске салайық, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығы және еліміздің өңірлерінде терроризмге қарсы комиссиялар туралы типтік ереже бекітілген болатын.