Тихонов, Титов және Юран Қазақстанда футбол тебеді

МӘСКЕУ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат – Футболшылар Андрей Тихонов пен Егор Титов Астананың «Локомотив» командасының ресми ойыншысы болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Тихоновпен және Титовпен екіжылдық келісімшарт кеше кешке жасалды. Сергей Юран жаттықтырушы-кеңесші болды. Тихоновтың айтуынша, ресейлік ойыншылардың мақсаты ? қазақстандық футболдық мәртебесін арттыру.