Тіл мәселесінің салдарынан Бельгия үкіметі отставкаға кетті

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Барша бельгиялықтардың королі Альберт ІІ голландша сөйлейтін фламандтықтар мен французша сөйлейтін валлондар арасындағы тіл таласының салдарынан отставкаға кетуге мәжбүр болған үкіметтің өтінішін қабылдады,

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Екі тілде сөйлейтін бельгиялықтардың арасындағы айырмашылық мемлекеттің құрылымына да тікелей қатысты болып отыр - алғашқылар мемлекетті орталықтан басқару керек десе, екіншілер - билікті өңірлерге беру керек дегенді айтуда.

Осыдан 180 жыл бұрын тәуелсіздік алған Бельгияда ұзақ уақыт бойы аристократия мен буржуазия өкілдерін негізінен франкофондар құраған, тек ХХ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрғындары голланд тілінде сөйлейтін Фландрияның экономикалық әсері арта бастаған.

Нәтижесінде, голланд тілінде сөйлейтін бельгиялықтар көбейгеннен кейін елдегі лингвистикалық жағдай да өзгерген. Соңғы кезде француз тілді бельгиялықтар да біртіндеп голланд тілін үйрене бастаған.