АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 230-ракеткасы Тимофей Скатов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарында 1-ракетка болып тіркелген, дүниежүзілік рейтингіде 135-орында тұрған италиялық Маттео Гигантені ойсырата ұтты – 6:1, 6:0.
Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Скатов 3 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Гиганте 2 эйс, 1 брейктен (2 брейк-пойнт) аса алмады.
Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 158-ракеткасы, тағы бір италиялық Андреа Пеллегриномен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
Бастад додасының іріктеу сайысында Денис Евсеев пен Дмитрий Попко да бақ сынауда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакинаны жеңген теннисшінің Уимблдонда чемпион атанғанын жазған болатынбыз.
Астанада теннистен Президент кубогі үшін жарыс басталады.
Елордадағы челленджер турнирінің іріктеу сынында Қазақстаннан қатысқан Ерасыл Ерділдә, Виталий Зацепин, Ислам Орынбасар және Ілияс Маратұлының бәрі де жеңіліс тапты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).