Тимошенко президенттік сайлау бойынша қайта дауыс беруді талап етуде

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Украина президентігіне кандидат, сайлауда оппозиция өкілі Виктор Януковичтен жеңіліп қалған ел премьер-министрі Юлия Тимошенко Жоғары әкімшілік соттан Орталық сайлау комиссиясына қайта дауыс беруді тағайындауды міндеттеуді талап етуде.

Бұл туралы Тимошенко мен оның сенімді өкілі Андрей Портновтың кеше сотқа берген шағым арызында айтылып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Құжатта атап көрсетілгендей, Орталық сайлау комиссиясының ақпанның 14-інде жария еткен президент сайлауының қорытындысы заңға қайшы келеді. «Осының ескере отырып, президенттік сайлау бойынша қайта дауыс берудің нәтижесі туралы хаттаманы заңды күші жоқ деп тану керек, ал жауап берушіге президенттік сайлау бойыша қайта дауыс беруді тағайындау туралы шешім қабылдау міндеті жүктелуі керек», делінген шағым-арызда.

Шағымданушылар, сайлау күні дауыс беру үшін тізімге сайлаушыларды енгізу кезінде заңсыздықтарға жол берілгенін алға тартып отыр.