"Титаник" жолаушысының хаты аукционда рекордтық бағаға сатылды

АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Айгүл Айтмұқанова/ - "Титаник" жолаушысы Адольф Саафилдтің әйеліне жазған хаты жексенбі күні Ұлыбританиядағы аукционда 55 мың фунт стерлингке ($84,72 мың) сатылды,

деп хабарлады РИА "Новости" агенттігі.

Басылымда аталғандай, бұл сома «Титаниктен» жіберілген хатқа төленген рекордтық қаржы көлемі. «Титаникті» жасаушы мен оның операторы White Star Line компаниясына байланысты өзге 350 лоттың ішінде саудаға қойылған Саафилд хатын есімі аталмаған британ мұражайы сатып алды.

Аукцион үйінің өкілі Эндрю Элдридж сөзіне қарағанда, бірінші класс жолаушысы Саафилдтің әйгілі кеме суға кетерден 5 күн бұрын әйеліне жазған хаты - аса құнды құжат. "Оны оқыған адам бөлменің өлшемі, безендірілуі, берілетін тамақ сияқты жайттарды біліп, кемедегі тыныс-тіршілік жайлы бүге-шүгесіне дейін бірінші класс жолаушысының көзімен көруге мүмкіндік алады, - деп мәлімдеді Элдридж.