Мамандардың мәліметтерінше, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша ең көп шығын Астанаға (63,6 млрд теңге), Оңтүстік Қазақстан облысына (37,6 млрд) және Алматы облысына (24,7 млрд теңге) жұмсалады.
Жыл ішінде елорданың тұрғын үй шаруашылығы саласындағы инфрақұрылым нысандарын жаңғыртуға жұмсалатын қаржы көлемі 5 миллиард теңгеге немесе 7 пайызға артты.
ОҚО әкімдігі де тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жобаларына жұмсалатын қаржыны қарқынды ұлғайтуда. Осы уақытқа дейін бұл бағытқа жұмсалатын шығын мөлшері 6 миллард теңгеден асты немесе 20 пайызды құрады. Ал, Алматы облысының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына бөлінетін қаржы керісінше, 5 миллиард теңгеге немесе 16 пайызға азайған.
Айта кететін мәселе - тұрғын үй комуналдық шаруашылығы саласына республикалық бюджеттен жұмсалатын шығының басым бөлігі жаһандық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ. Ең үлкен шығын көлемі 2020 жылдарға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы аясындағы шараларға шығындалады.
Мұндай шығыстардың көлемі қаңтар-қыркүйек аралығында 101 миллиард теңгені құрады. Соның ішінде 68 миллиард теңге тұрғын үй шаруашылығына, 34 миллиард коммуналдық шығындарға жұмсалған.
Биыл тұрғын үй коммуналдық нысандары мен инфрақұрылымды, Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020 аясында әлеуметтік нысандардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемі 3 есеге артты.
Ал, Алматы мен Астана қалаларының және облыстардың бюджеттеріне бөлінетін мақсатты трансферттердің көлемі 9 айда 37 миллиард теңгені құрады.
Айта кетейік, өткен жылы тұрғын үй шаруашылығындағы нысандарды жаңғырту мен қолдауға жұмсалатын шығындар күрт қысқартылған болатын.