Ағымдағы жылдың наурыз айындағы көрсеткіш бойынша, ТМД елдері бойынша бөлшек сауданың айналымы, 2009 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, орта есеппен 4 пайызға, ақпан айымен салыстырғанда - 9 пайызға өсіп отыр.
Есептік кезеңде Достастық елдерінің арасында бөлшек тауар айналымының ең үлкен өсімі -20,9 пайыз көрсеткіш - Тәжікстанда тіркелді. Беларусь елінде бөлшек сауда айналымы - 13,3 пайызға, Қазақстанда - 10,5 пайызға, Әзірбайжанда - 8,3 пайызға, Қырғызстанда - 3,8 пайызға, Молдовада - 6,2 пайызға, Ресейде - 1,3 пайызға, Арменияда - 1 пайызға өсіп отыр. Ал Украинада бөлшек тауар айналымы 2,7 пайызға төмендеген.