18:06, 03 Сәуір 2009
ТМД елдері азаматтарының ел аумағына заңсыз келу оқиғалары жиілеп кетті ? Ақтөбе
АҚТӨБЕ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Ақтөбе облысына ТМД елдері азаматтарының заңсыз келу оқиғалары жиілеп кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағанындай, таяуда Ресей Федерациясының Чашкан стансысында № 2414-ші жүк пойызына тығылып мінген Өзбекстан Республикасының 6 азаматы шекаралық бақылауды айналып кетіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен. Алайда, олардың барлығы да Ақтөбе стансысында ұсталды.Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 330 бабының 1 бөліміне сәйкес, (ҚР мемлекеттік шекарасынан қасақана заңсыз өту) қылмыстық іс қозғалды.