ҚазАқпарат тілшісіне ТМД Атқарушы кеңесінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, конференция соңғы 16 жыл бойы кәсіптік білім мекемелерінің мұражайлары мен іздеу бірлестіктерінің бүкілресейлік слеттерін ұйымдастырып отырған «Кәсіптік білімнің федералдық мұражайы» мемлекеттік мекемесінің базасында өтеді.
Конференцияға Ресейдің қорғаныс, сыртқы істер, спорт, туризм және жастар саясаты министрліктерінің, сондай-ақ Ресей, Қазақстан, Беларус, Украина елдерінің іздеу ұйымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.