Баспасөз мәслихаты барысында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин электронды кітаптың көмегімен жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлері бойынша қажетті мәліметтерді жедел табуға болатындығын жеткізді.
«Атап айтқанда, бұл шын мәнінде өте сапалы жұмыс екенін көріп отырмыз. Яғни, осы кітапты студенттер де, сондай-ақ экологиямен айналысатындар да еш қиындықсыз пайдалана алады. Ең бастысы, бұл кітаптарды кеңінен қолдану үшін тиісті мүмкіндіктерді жасау керек»,-деді ол.
Арменияның табиғатты қорғау министрінің орынбасары Хачик Акопянның сөзіне қарағанда, электронды кітап құқық қорғау органдары үшін пайдалы болуы мүмкін. Ұялы телефонға осы кітапты орнату арқылы полиция қызметкерлері оқиға орнында ондағы мәліметтерді кеңінен пайдалана алады. Осы орайда электронды кітаптағы базалар үнемі жаңартылмақ.