Бұл туралы бүгін Астанада өткен конференция барысында ТМРА басқармасының бастығы Мәрзия Қайдарова мәлім етті.
М.Қайдарованың айтуынша, агенттік аталмыш ұсынысты ҚР Мұнай және газ министрлігіне жолдады.
«Осы орайда, Мұнай және газ министрлігі заңнамаға өзгеріс енгізу бойынша жұмыс ұйымдастыруды шешсе, ТМРА аталмыш жұмысқа өз үлесін қосуға дайын», - деп атап өтті ол.
Бүгінгі таңда Қазақстанда бөлшек сауда нарығындағы мұнай өнімдерінің шекті бағалары мемлекетпен реттеліп отырады. Ал көтерме құны мемлекетпен бақыланбайды.