Сот, аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімінің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзғандығын анықтады. Олар іс-әрекеттерімен жол қозғалысына айтарлықтай тұлғалар қауіп төндірді.
Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулыларымен барлық 349 құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылды. Әрқайсысына 3 жылдан 6 жылға дейін мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру жазасы қолданылды, деп хабарлайды. Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.