Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштерін АрМи-2019 ойындардағы жетістігімен құттықтады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әскери ойындарда жақсы өнер көрсеткені Қазақстанның Қарулы күштердін құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық әскериойындарда жақсы өнер көрсеткені үшін Қазақстанның Қарулы күштерін құттықтаймын.Сіздержоғары кәсіби дайындық пен жауынгерлік шеберліктеріңізді көрсетіп, 39команданың арасынан 3-ші орынға ие болдыңыздар. Игілікті істеріңізде жаңажетістіктерге жете беріңіздер!», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Биыл Халықаралық армия ойындары 10 елдің 21 полигонында, Каспий, Балтықтеңіздерінің акваториясында және Парсы бұғазында өтті. Ойындарға 39 мемлекетқатысты. Ойынның бағдарламасына 32 сайыс енгізілген. Оның 16-сында қазақстандықәскери қызметшілер бақ сынады.

7-15 тамыз аралығында Жамбыл облысының «Отар» 40-шы әскери базасында бірқатар сайыс тұрі бойынша Армия халықаралық ойындары өз мәресіне жетті. Әлемнің 13 елі қатысқан додадаҚазақстан жеңімпаз атанды.

Бүгін РесейдіңМәскеу облысында «Алабино» полигоны аумағындағы «Патриот» саябағында V Халықаралық армияойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Онда жалпыкомандалық есеп бойыншажеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Жарыс қорытындысымен ҚазақстанныңҚарулы күштері үшінші орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар