Тұсаукесер рәсімін облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев ашып, жүргізіп отырды. Төле би бабаның 350 жылдығына орайластырылып отырған бұл шарада белгілі айтыскер, ақын Біржан Байтуов арнау орындады. Жеті томдықтың құрастырушылары әрі редакторлары халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері жазушы-журналист Мархабат Байғұт және Республикалық «Құрмет» орденінің иегері, жазушы-журналист Шойбек Орынбай жиналғандар алдына шығып, бұл еңбектің қалай жазылғанын баяндап, оқырмандар қауымын жаңа туындының дүниеге келуімен құттықтады.
00:12, 25 Қазан 2013
«Төле би» жетітомдығының тұсаукесері өтті
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханада «Төле би» жеті томдық жинағының тұсаукесері өтті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.