«Төзімділік бар, толеранттылық бар. Төзімділікті өзіме ұнамайтын адамнан көремін, мен оған төзімділік танытамын. Яғни адамның проблемаға пассивті қарым-қатынасы. Ал толерантттылық адамның активті қарым-қатынасы. Толеранттылық - бұл төзімділік емес. Бұл - өзара түсіністік, ынтымақтастық. Толеранттылық бір күннің ішінде тумайды. Ол тарихи қалыптасады»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
13:21, 22 Маусым 2018
Толеранттылық пен төзімділіктің аражігі неде - Нұрсұлтан Назарбаевтың жауабы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Толеранттылық пен төзімділік арасындағы айырмашылық қандай? Дәл осы сауалға ҚР Президенті телерадио кешені таратқан видео материалда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.