«Бұл мәселе бойынша Елбасы тиісті тапсырма берді. Негізі мұнай өңдеу зауыты тұтынушыға жақын орналасуы тиіс деп ойлаймын. Қазіргі кезде осы бағытта сараптамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр», -деді Басқарма төрағасы.
Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы еліміздегі қолданыстағы үш мұнай зауыты толығымен жаңғыртылып аяқталады. Осы орайда Қазақстанда мұнай өнімдері жеткілікті деңгейде болады.
«Бұл факторларды және тұтынушылар көбірек шоғырланған факторды ескеріп, жақын арада зауыттың орны белгіленеді», - деп түйді Ө. Шөкеев.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында 2014 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін Үкімет 4-ші мұнай өңдеу зауыты мен атом стансасы құрылысының мерзімін анықтауы тиіс екенін тапсырған болатын.