Бұдан басқа Палатаның заңнама қоржынында алдыңғы сессиядан Палата қарауына өткен 51 заң жобасы бар. Оның ішінде 45-іне - Үкімет, алтауына депутаттар бастамашы болған. Аталған кезеңде Мәжіліс 99 заң жобасын қарап, мақұлдады және Парламент Сенатына жіберді.
Сенат қабылдап, ел Президенті қол қойғаннан кейін 86 заң жобасы заңды күшіне еніп, Қазақстан Республикасының құқықтық базасын толықтырды.