деп хабарлады жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізілген брифингте Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Талғат Нұрмағамбетов.
Ақпараттық-насихат тобының мүшелері тақырыптық сауалнамалар мен конкурстар, жарыстар мен эстафеталар өткізді, судағы қауіпсіздік шаралары туралы бейнероликтер көрсетті, жадынамалар үлестірді.
Т.Нұрмағамбетовтың айтуынша, департаменттің судағы құтқару қызметі апта сайын Ертісті жағалай рейдтер өткізіп тұрады.
Ал қызмет басшысы Владимир Власовтың хабарлауынша, жақында ресейлік «Булгария» кемесінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты, Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен көліктегі бақылау инспекциясы жолаушылар теплоходтарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп отыр.