Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды облысының халқымен кездесуде

ҚАРАҒАНДЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бейсенбі күні Қарағанды облысына Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко жұмыс сапарымен келді.

Ведомство  басшысы   аймаққа  республикалық ақпараттық-насихаттаушы топты бастап  келіп  отыр,  деп  хабарлады    облыстың  төтенше жағдайлар  департаментінің  баспасөз қызметінен.

Бүгін министр     политехникалық колледж  бен  Е.Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінің   оқытушыларымен және студенттерімен    кездеседі.   Сондай-ақ   «Нұр Отан» партиясының  облыстық  филиалында     жеке  мәселелер  бойынша азаматтарды қабылдайды.   Одан кейін  сапар  бағдарламасы  бойынша,   министр    кен-шахта  жабдықтарын  шығаратын  «Минова Қазақстан»  бірлескен  кәсіпорны» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінде  болады  және   «Қарағанды  облысы  Төтенше жағдайлар   департаментінің Өрт сөндіру  және апаттан  құтқару    жұмыстары  қызметі»   мемлекеттік мекемесі арнайы  жасағының  жұмысымен   танысады. 

Ертең,    қазанның  2-сінде министрдің  жұмыс сапары Балқаш қаласында  жалғасады.  Онда    В.Божко  «Балқаштүстімет» өндірістік  бірлестігін,  «Қазақмыс» корпорациясы»  жауапкершілігі шектеулі  серіктестігін,    қалалық судағы құтқару стансасын  аралайды.  Сондай-ақ  министр   халықпен кездесуді   және   жеке  мәселелер   бойынша      қабылдау    өткізуді  жоспарлап отыр.