деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Институт түлектерінің 12-сіне үздік диплом табыс етілді. Ал олардың барлығы еліміздің әр аймағынан арнайы жолдама алып келген жеткіншектер болатын. Ендігі күні жоғары білімді офицерлер сол өңірлерде қызметке кіріспек. Бұған дейін 196 офицер сырттай білім алғандығы жөнінде диплом алған. Өз алдына жеке отау болып шыққан 14 жыл ішінде еліміздің төтенше жағдайлар құрылымына 2267 жоғары буын кадрлары дайындалды.