Бұл мәліметтермен бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің 2011 жылы атқарған жұмыстарына байланысты өткен алқа мәжілісінде аталмыш ведомство басшысы Владимир Божко таныстырды.
Оның деректерінше, соңғы уақытта еліміздің өрттен-құтқару қызметтерінің кәсіби біліктілігі айтарықтай өсе түсті. «Өткен жылы құтқару қызметтерінің күшімен республикада 59 мыңнан астам жедел шаралар жүзеге асырылып, 6 мың 980 адам өрт пен өзге де түрлі төтенше жағдайлардан аман қалды. Сондай-ақ төтенше жағдай орын алған аймақтардан 8 мың 26 адам көшіріліп, 2 мың 118 адамға медициналық-психологиялық көмек көрсетілді. 14 мың 599 өрт сөндіріліп, азаматтар мен ұйым мекемелердің құны 78 миллиард теңгені құрайтын мүліктері аман алынып қалды»,-деді министр.
Сондай-ақ оның мәліметтері бойынша, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 16,2 пайызға кеміп, кісі өлімі 18,9 пайызға азайды. «Бұл өте жақсы көрсеткіш»,-деді В.Божко.